Таза Қазақстан
2025 жылдың 16 қазан күні №45 мектеп-гимназиясында жалпы республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары табиғатты қорғау тақырыбында суреттер салып, өз қиялдарындағы жасыл, таза болашақты бейнеледі. Әр суреттен туған елге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға жанашырлық анық көрініс тапты. 8 "В" сынып оқушылары "Таза Қазақстан – жарқын болашақ" ұранын көтеріп, сенбілікке шығып, мектеп ауласын тазалауға белсене қатысты.