Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
04
декабрь
2025

"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ







2025 жылғы 2 желтоқсан күні Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан №45 мектеп-гимназиясында маңызды іс-шара – "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" атты Ашық есік күні өткізілді. Бұл шара республикалық "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік" акциясы аясында жоғары сынып және мектеп парламентінің белсенді оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты зорлық-зомбылықтан қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз, мейірімді орта қалыптастыруға баулу.
Кездесуге Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ынтызар Алтанова, Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері — полиция капитаны Иса Бекжан Ержанұлы мен инспектор Анарбаева Әсемай Есенқызы арнайы шақырылып, оқушылармен еркін форматта сұхбат жүргізді. Олар күнделікті өмірде кездесетін қауіптер, зорлық-зомбылық түрлері және оның алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме берді.
Мектеп-гимназиясының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Конгирбаева мен «Заң» үйірмесінің жетекшісі М.Р. Курмантаева да құқықтық тәрбие мен қауіпсіздік мәдениетінің маңыздылығына тоқталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив