Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2025

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП




Бүгін, 2025 жылдың 10 қазан күні №45 мектеп-гимназиясында 8-10 сынып оқушыларына арналған құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы профилактикалық кездесу өтті.
 Кездесуді Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілі, полиция майоры А.У. Беркімбаев өткізді.
 Іс-шара барысында оқушыларға: 
🔹 құқықтық жауапкершілік туралы, 
🔹 қоғамдық тәртіпті сақтау, 
🔹 кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері жөнінде маңызды ақпарат берілді және видеоролик көрсетілді.
 Оқушылар маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазалаған мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті жауаптар алды. 
  Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, заңға деген құрметті қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив