08
октябрь
2025
ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАУ



Бүгін №45 мектеп-гимназиясында 1-сынып оқушыларына арналған "Жаяу жүргіншілерге арнау" атты сыныптан тыс танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін үйрету, жауапкершілік пен мұқияттық дағдыларын қалыптастыру.
Құрметті қонақтар ретінде Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ МПС қызметкерлері шақырылды:
- полиция майоры Искакова Динара Адилбекқызы
- полиция майоры Жумагүл Меруерт Сағыналықызы
- полиция капитаны Әмірхан Аида Әмірханқызы
- полиция капитаны Райымбекова Акерке Төлеубековна
- полиция майоры Маймақова Перизат Тұрғанәлиевна
Қонақтар оқушыларға бағдаршам, жол белгілері, жолда қауіпсіздік сақтау туралы қызықты ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді. Балалар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Соңында жас жаяу жүргіншілерге естелік белгілер мен жадынамалар табысталды.
Іс-шараға қатысқан тәртіп сақшыларына алғыс білдіреміз!