Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әжелер мектебі» атты тағылымды іс-шара өтті.
09
декабрь
2025

«Әжелер мектебі» атты тағылымды іс-шара өтті.









Бүгін мектебімізде ерекше, жүрекке жылылық сыйлаған «Әжелер мектебі» атты тағылымды іс-шара өтті.  
Бұл мазмұнды жиын — ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, әже тәрбиесінің маңыздылығын дәріптеген рухани кездесуге айналды.

Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың асыл мұрасы — салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтардың мәнін тереңірек ұғынып, даналық пен мейірімге толы әже тәрбиесінің қадірін сезінді.  
Кеш «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында ұйымдастырылып, жас ұрпаққа адамгершілік, инабаттылық, құрмет сынды асыл қасиеттерді сіңіруге бағытталды.

Бұл — тек естен кетпес кеш ғана емес, ұлт болашағын тәрбиелеудегі маңызды қадам!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив