06
октябрь
2025
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!



Ұстаз – ұлы есім!
Бүгін мектеп-гимназиямызда Ұстаздар мерекесіне орай, жүректерге жылу сыйлаған "Ұстаз – ұлы есім" атты салтанатты мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға білім ордамыздың ұлағатты ұстаздары мен зейнет демалысына шыққан ардагер мұғалімдер қатысып, құрмет төрінен орын алды. Еңбегімен ел алғысына бөленген ұстаздарымыз әр түрлі марапаттарға ие болды.
Шараның негізгі мақсаты – ұстаздың қоғамдағы, адам өміріндегі айрықша орнын ұлықтау, шәкірт жүрегіне ұстазға деген сыйластық пен құрметті сіңіру, ұстаз мәртебесін арттыру. Сондай-ақ, жас ұрпақты ұстаз еңбегін бағалауға, қадірлеуге баулу.
Бұл – ұстаздарға арналған алғыс пен ықыласқа толы ерекше күн!
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! МЕРЕКЕҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!