Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ АПТАЛЫҒЫ" АЯСЫНДАҒЫ ІЗГІ ІС-ШАРА
25
ноябрь
2025

"ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ АПТАЛЫҒЫ" АЯСЫНДАҒЫ ІЗГІ ІС-ШАРА





2025 жылдың 12 қараша күні №45 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Еске алу және қауіпсіздік жолы" атты маңызды іс-шара өтті.
 Іс-шараға құрметті қонақтар – Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТІС қызметкерлері: полиция майоры Искакова Динара Адилбекқызы және полиция майоры Маймакова Перизат Турганалиевна арнайы шақырылды.
 Қонақтар бастауыш сынып оқушыларымен кездесіп, 1 "Ә" және 2 "А" сыныптарында жолда жүру ережелерін түсіндіру сабақтарын өткізді. Балалармен жылы әрі мазмұнды әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік сақтау дағдылары таныстырылды. 
  Іс-шараға мектепішілік "Жас Полиция Инспекторы" клубының белсенді мүшелері де белсене атсалысты. "Жаяу жүргіншілер – заңмен қорғалған" атты тақырып аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 Полиция майорлары оқушыларға жол ережелерінің маңыздылығын, жаяу жүргіншілер өткеліндегі тәртіп пен мұқият болу қажеттігін жан-жақты түсіндіріп, былай деп атап өтті: 
"Байқамай басқан бір қадам – өмірді қиып кетуі мүмкін".
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив