Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕНІҢ ҚОЛЫМДА"
06
октябрь
2025

"ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕНІҢ ҚОЛЫМДА"



"Ұлдар гигиенасы" тақырыбындағы маңызды кездесу

2025 жылдың 3 қазан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі №05-1-05-4/6420-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №45 мектеп-гимназиясында 10-сынып ұл балаларына арналған тәрбиелік маңызы зор кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы:"Ұлдар гигиенасы"
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің жеке бас тазалығы, өзін-өзі күту мәдениеті мен денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру.
Кездесуге шақырылған мамандар:
- Жақыпбекова Жұлдыз Боранбайқызы – "Жастар денсаулық орталығының" психологы
- Бабаханов Данияр Бахтиярович – уролог-дәрігер, "Жастар денсаулық орталығының" маманы
- Өтегенова Ақмерек Шыныбекқызы – әлеуметтік қызметкер
Мамандар ұл балаларға арналған жеке гигиена, өзін-өзі құрметтеу, денсаулықты сақтау тақырыптарында жан-жақты түсіндірме жасап, қатысушылардың сұрақтарына нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың денсаулығы мен тәрбиесіне үлес қосқан мамандарға ризашылығын білдіреді!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив