🇰🇿 «ЕРЛІК – ЕЛ ТІРЕГІ» 🇰🇿 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған
Бүгін, 6 мамыр күні, мектеп-гимназиямызда 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Ерлік — тек батырлықпен ғана өлшенбейді. Ерлік — жауапкершілік, қайсарлық, адалдық пен елге деген шексіз сүйіспеншілік. Нағыз ер азамат — қиындықта мойымай, елін, жерін, отбасын қорғай білетін тұлға. Бұл мереке — Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға құрмет көрсету күні. Ер азамат — отбасының тірегі, елдің қорғаны, қоғамның сенімді тірегі.