Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2025

Таза Қазақстан







2025 жылдың 16 қазан күні №45 мектеп-гимназиясында жалпы республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. 
  Мектеп оқушылары табиғатты қорғау тақырыбында суреттер салып, өз қиялдарындағы жасыл, таза болашақты бейнеледі. Әр суреттен туған елге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға жанашырлық анық көрініс тапты. 
8 "В" сынып оқушылары "Таза Қазақстан – жарқын болашақ" ұранын көтеріп, сенбілікке шығып, мектеп ауласын тазалауға белсене қатысты. 
Экологиялық бағыттағы ғылыми жобалар да назардан тыс қалмады. Оқушылар өз жобаларын сәтті қорғап, білімдері мен зерттеу нәтижелерін көрсетті. Бұл жобаларға жетекшілік еткен ұстаздар – биология пәнінің мұғалімі А.О. Тажбенова, география пәнінің мұғалімі М.Р. Курмантаева, бастауыш сынып мұғалімдері С.Д. Прасол мен Н.А. Рудь – зор алғысқа лайық. 
9 "Г" және 8 "Ә" сыныптарында сынып жетекшілері Д.Б. Холметова мен Д.Е. Құлманның ұйымдастыруымен тәрбиелік мәні зор экосағаттар өтті. 
Мектеп парламентінің белсенділері мен 11-сынып түлектері мектеп ауласында ағаш отырғызып, табиғатты көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Іс-шараға сынып жетекшілері Е.В. Полищук, С.А. Сарбалиева, А.Б. Мейірбекова және ата-аналар да қолдау білдіріп, ортақ іске атсалысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив