04
декабрь
2025
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ

2025 жылдың 3 желтоқсанында мектебімізде маңызды оқиға – мектеп парламентінің жаңа президенті мен фракция көшбасшыларын ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті.
Оқушылардың белсенді қатысуымен өткен сайлау нәтижесінде, 253 дауыс жинап, 10 "А" сынып оқушысы Саин Көркем мектеп президенті болып сайланды.
Салтанатты іс-шара барысында 2024–2025 оқу жылының мектеп президенті Хаджиметов Шахриер өз қызметінің есебін беріп, атқарылған жұмыстармен бөлісті. Барлық фракция жетекшілері мадақтамалармен марапатталып, жаңа құрамға жылы лебіздер білдірілді.
Мектеп-гимназия директоры Искандерова Рамиля Рафкатовна жаңа өзін-өзі басқару ұйымына сенім артып, олардың бастамаларына сәттілік тілеп, 2024–2025 оқу жылының барлық көшбасшыларына алғысын білдірді.