10
февраль
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП



Мектеп-гимназиямызда «Заң және тәртіп» айлығы аясында І ауысым оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Әл-Фараби АПБ ЖПҚ ЮПБ полиция майорлары Д.А. Искакова және П.Т. Маймакова арнайы шақырылды. Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіпке баулу және өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге жағдай жасау.
Кездесу барысында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар айлық аясында өткізілетін тәрбиелік және танымдық іс-шаралар жоспары таныстырылып, оқушылар белсенді қатысуға шақырылды.
Бұл айлық – оқушылардың заңға деген көзқарасын қалыптастырып, жауапкершілік сезімін арттыруға үлкен мүмкіндік.
Тәртіп пен заңды сақтау – әр оқушының міндеті, ал оны білу – өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы.
Алда оқушыларды мазмұнды әрі қызықты құқықтық іс-шаралар күтуде.
Білімді де тәртіпті болайық!