03
сентябрь
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық жұмысы


📌 «Буллинг. Кибербуллинг»,
📌 «Балалар және интернет-медиа қауіпсіздік»,
📌 «Нашақорлық, есірткі бизнесі, лудомания және қорқытып алушылық»,
📌 «Жол ережелерін сақтау»
2025 жылдың 3 қыркүйегінде №45 мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларымен маңызды профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға І аусымның ДТІЖО Г.А. Конгирбаева, Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ЮПБ УПИ полиция майоры Н. Рахимов және полиция капитаны С.Ш. Палжанов қатысты.
🔹 Іс-шара мақсаты — 2025-2026 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
🔹 Жоғары сынып оқушыларына заң бұзушылықтың салдары, түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің жауапкершілігі, бос жүрістің қауіпі мен зиянды әдеттер туралы нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Полиция капитаны С. Палжанов оқушыларға буллинг, кибербуллинг, есірткі және лудомания жайлы жан-жақты ақпарат берді.
🔹 «Ашық микрофон» барысында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
🔸 Мұндай кездесулер — жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам.