Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ "ЗАҢ мен ТӘРТІП"
21
апрель
2025

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ "ЗАҢ мен ТӘРТІП"





“Заң және тәртіп” айлығы аясында "ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің" басшысы А. А. Ақбердиев,"ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің" прокуроры А. Е. Кеңесбеков, "Психологиялық қолдау орталығы" психолог маманы Ә. С. Есказы және Әл-Фараби АПБ ЖҚБ ЮПБ инспекторы,полиция капитаны С. Ш. Палжанов N45 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына арнап еркін форматтағы кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңның қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар ер балаларды жауапкершілікке, тәртіпке және әділдікке баулу.
Кездесу барысында :
* Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі негізгі ұстанымдар туралы;
* Жастардың қоғамдағы белсенділігі мен олардың құқықтық сауаттылығының маңызы жайлы;
* Әрбір азаматтың заңға бағынуы – әділетті қоғамның кепілі екендігі жөнінде сөз қозғалды.
Кездесудің негізгі идеялары:
1. Заңды білу – азаматтық міндет.
2. Әділетті қоғам құру – әрбір жастың қолында.
3. Жастардың тәртіптілігі – ел болашағының айнасы.
“Біз үшін бұл кездесу үлкен тәжірибе болды. Әділеттілік пен заңның құндылығын түсіне отырып, біз өз болашағымызды дұрыс бағытта құруға күш саламыз,” – деп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив