24
май
2026
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ- ҚОҒАМ ТІРЕГІ


№45 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық комиссия мүшесі, «AMANAT» партиясы жанындағы «Отбасы және әйелдер мәселелері» жөніндегі өңірлік кеңестің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова және Halyk Bank қызметкерлерінің қатысуымен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуде отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие, әйелдердің қоғамдағы рөлі және қаржылық сауаттылық мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушыларға отбасы бюджетін тиімді жоспарлау, интернет-алаяқтықтан қорғану, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
✨ Тағылымы мол басқосу ата-ана мен мектеп байланысын нығайтып, қоғамдағы маңызды құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.