Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » HBSC: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨМІР САЛТЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ
13
май
2026

HBSC: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨМІР САЛТЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ


№45 мектеп-гимназиясында оқушылардың денсаулығы мен өмір салтын зерттеуге арналған халықаралық HBSC (Health Behaviour in School-aged Children) зерттеуінің үшінші кезеңі өтті.
Зерттеуге 5, 7 және 9-сынып оқушылары қатысты. Сауалнама барысында оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығы, тамақтану мәдениеті, ұйқы режимі, цифрлық әдеттері, сондай-ақ ата-анамен және достарымен қарым-қатынасы зерделенді.
Аталған зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып, мектеп оқушыларының өмір салты мен әл-ауқатын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.
Сауалнаманы мамандар Алиханова Гульарна Темирхановна және Дуниямалова Наиля Тельмановна жүргізді.
Зерттеу нәтижелері балалардың денсаулығын нығайтуға, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және профилактикалық жұмыстарды жетілдіруге бағытталған маңызды шешімдер қабылдауға негіз болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив