01
июнь
2026
🔔 "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!"



Бүгін, 25 мамырда №45 мектеп-гимназиясында 2025-2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті! 🌟Биылғы оқу жылының аяқталу мерекесі «Мектебім, саған мың алғыс!» деген терең әрі әсерлі ұранмен ұйымдастырылды. Бұл салтанатты күн әрқайсымыздың жүрегімізді ерекше мақтаныш пен жылылыққа бөледі.Жиын барысында қонақтар мен мектеп-гимназия директоры Р.Р. Искандерова салтанатты құттықтау сөз сөйледі. Алғашқы ұстаздар мен сынып жетекшілері жүрекжарды ақ тілектерін арнаса, ардақты ата-аналар шынайы қолдаулары мен баталарын берді.Түлектеріміздің көзінен қимастық пен қуаныш сезімі байқалды. Әрбір түлек өзінің мектеп қабырғасында өткізген жылдарын, алғашқы жеңістерін, адал достары мен аяулы мұғалімдерін ерекше толқыныспен еске алды. Бұл оқу жылының аяқталу мерекесі олардың жадында мәңгілік жарық әрі қуанышты естелік болып қала бермек! 🤍🚀 Қымбатты 2026 жылғы түлектер!Баршаңыздың асқақ армандарыңыздың орындалуына шын жүректен тілектеспіз! Алда сіздерді емтихандар мен жаңа белестер күтіп тұр. Алға қарай нық қадам басып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер. Алтын ұя мектептеріңіздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық. Біз сіздерге сенеміз! 🎓❤️