06
май
2026
🇰🇿 «ЕРЛІК – ЕЛ ТІРЕГІ» 🇰🇿 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара




Бүгін, 6 мамыр күні, мектеп-гимназиямызда 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Ерлік — тек батырлықпен ғана өлшенбейді. Ерлік — жауапкершілік, қайсарлық, адалдық пен елге деген шексіз сүйіспеншілік. Нағыз ер азамат — қиындықта мойымай, елін, жерін, отбасын қорғай білетін тұлға.
Бұл мереке — Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға құрмет көрсету күні. Ер азамат — отбасының тірегі, елдің қорғаны, қоғамның сенімді тірегі.
Іс-шара барысында оқушылар патриоттық рухтағы өнерлерін көрсетіп, батырлар ерлігін ұлықтап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
🎖️ Отан қорғау — әр азаматтың қасиетті борышы!
🇰🇿 Күшті ер азаматтар — қуатты ел!