Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2025

ПРОКУРОР САҒАТЫ








2025 жылғы 5 қыркүйек  күні Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Гүлнәз Төрәліқызы Сүлейменованың төрағалығымен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 8–11- сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өтті.

Кездесуге прокуратура, полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері қатысып, жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі, аптаның демалыс кезіндегі қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, су айдындарындағы сақтық шаралары, интернет желісіндегі қауіптерден қорғану және түнгі уақытта бейсауат жүрудің салдары туралы нақты мысалдар келтіре отырып кеңес берді.

Аталған шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың жеке қауіпсіздігіне, денсаулығы мен өміріне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив