18
апрель
2025
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ – БАЛА АМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ



2025 жылдың 17 сәуірінде Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты N45 мектеп-гимназиясында «Ашық есік күні» өтті. Бұл ерекше күн Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Психологиялық Қолдау Орталығы маманы Арыспаева Акерке Асетулаевна, мектеп-гимназиясының директоры Рамиля Рафкатовна Искандерова, мектебіміздің педагог-психологі К. Ш. Жолдасбекова қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара тақырыбы:
«Балалардың психологиялық әл-ауқатын сақтау және нығайту»
Мақсаты:
Жасөспірімдерге жан-жақты психологиялық қолдау көрсету, аутоагрессивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу. Арыспаева Акерке Асетулаевна өз сөзінде Психологиялық қолдау орталығының негізгі мақсатын ерекше атап өтті:
«Әрбір бала мен ата-анасына сенімді әрі жылы қолдау көрсету, қиын сәттерде кәсіби көмек ұсыну, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау».
Іс-шара барысында:
• Ата-аналарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
• Сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған тренингтер ұйымдастырылды;
• Кері байланыс арқылы ашық сұхбат пен кеңестер берілді.
Оқушыларға презентация арқылы сұрақ-жауаптар беру арқылы өмірлік жағдайлар талқыланды. Оқушылар өздеріне керек сұрақтардың барлығына жауап алып отырды.
Бұл кездесу – бала қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын басты орынға қоятын қоғам қалыптастыру жолындағы нақты қадам.
Ата-ана, мұғалім және психолог үштағаны – жас ұрпақтың жарқын болашағының кепілі.
Біз сенімді қолдауды өзімізден бастаймыз!