10
апрель
2025
"Бақытты балалық шақ" Біз буллигнке қарсымыз!



Бүгін, 10 сәуір күні Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Г.Уалиханова, Шымкент ҚПД,Әл-Фараби АПБ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Назерке Нұрланқызы, «3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы» КММ психологы Абызова Гүлжан Усаиновна ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ. Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Мақсаты - жастарға буллинг, кибербуллинг туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық бағытта арандатуға жол бермеу.
Кездесу барысында қонақтар жастарға зайырлы қоғамның маңызы, зорлық-зомбылықты алдын алу туралы ақпарат берді. Шара барысында оқушылар түрлі-түрлі жаттығулар жасап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, келген қонақтардан нақты жауаптар алды.