Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БУЛЛИНГ. КИБЕРБУЛЛИНГ" "БАЛАЛАР ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК"
02
октябрь
2024

"БУЛЛИНГ. КИБЕРБУЛЛИНГ" "БАЛАЛАР ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК"

  "БУЛЛИНГ. КИБЕРБУЛЛИНГ"
"БАЛАЛАР ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК"
"НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС. ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ"

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ.
2024 жылдың  2 қазан күні  10-11 сынып оқушыларымен І аусымның ДТІЖО Г.А.Конгирбаева және мектеп инспекторы ЮПБ лейтенанты А.С.Ибраимның  қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті. Бұл іс-шара, 2024-2025 оқу жылында кәмілет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Құқықбұзушылықтың алдын алу - қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек. Мектеп инспекторы ЮПБ лейтенанты А.С.Ибраим құқықбұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасындағы болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде оқу орындарына барып,профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. 
Мектеп инспекторы А.С.Ибраим оқушыларға буллинг, кибербуллинг, қорқытып алу, есірткі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында "ашық микрофон " болды. Мектеп оқушылары сұрақ қойып, сұрақтарына толық жауабын алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив