11
сентябрь
2025
"ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ- ЕЛ БІРЛІГІ"




Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған мәнерлеп оқу байқауы
Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесі аясында №45 мектеп-гимназиясында 5–7 сынып оқушылары арасында "Үштілділік – бірлік негізі" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Мақсаты – оқушылардың ана тіліне, мемлекеттік және халықаралық тілдерге деген құрметін арттыра отырып, көптілді тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау.
Байқауға қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүрек тебірентер өлең жолдарын оқып, көркем сөз арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әр оқушының орындау мәнері, сөйлеу дикциясы, көркемдік шеберлігі мен сахналық мәдениеті әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Шара оқушылардың тіл байлығын, рухани мәдениетін дамытуға серпін берді. Байқау қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.
Тіл – халықтың жаны. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайта түсері сөзсіз.