22
апрель
2025
КІТАП. ТАРИХ. ШЕЖІРЕ


Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру туралы тапсырмасына сәйкес 2024 жылы 16 шілдеден бастап Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ресми түрде бекітілді.
Президент өз сөзінде: «Ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу». Бұл – кітапқа деген құрметтің, ұлттық ой-сана мен мәдениеттің тағы бір жарқын көрінісі, Ұлттық кітап күнін белгілеу ұсынысына қолдау білдіріп, оны мазмұнды, нәтижелі өткізу керектігін айтқан болатын.
Аталған мерекелік іс-шараға №45 мектеп оқушылары: 3" Б" сынып оқушылары Абай Айша, Анартаева Ясмина,Раушанова Муниса, Саданова Марьям, 5"Ә" сынып оқушысы Мекенбай Ерасыл қатысты. Кеш барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалды.
Бүгінде кітап оқимын деген оқырмандарға мүмкіндік көп. Жаңа кітаптарға, сирек және құнды кітаптарға, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы - деп жариялануына байланысты көрмелер ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – жұмысшы мамандықтары туралы білімді насихаттау, жастарға кәсіп таңдауда көмектесу және еңбекке, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге деген қызығушылықты арттыру.
Барлық қатысушылар Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалардың Мадақтамамен марапатталды.
Сынып жетекшілер: 3" Б" сынып жетекшісі А. Д. Капалбаева, 5" Ә" сынып жетекшісі А. Е. Сансызбай.
Мектеп кітапханашысы Г. С. Ибрагимова. Жарайсыңдар! Марапаттарыңыз құтты болсын!