05
сентябрь
2025
ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ


"ТІЛ - ҰЛТТЫҚ БЕЛГІ, ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА"
4 қыркүйек күні №2 кітапхана бөлімшесінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра" атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындырып, әр ұлттың тілі – оның байлығы, мәдени мұрасы екендігі туралы ой қозғады.
Бұл іс-шара оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Белсенді қатысқандар: 4" Ә" және 5 "Ә" сынып оқушылары.
Дайындаған: сынып жетекшілері Н. А. Онғарбаева, Б. С. Ертаева, кітапханашы Г. С. Ибрагимова.