20
январь
2025
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ АТАУЛЫ ДАТАЛАР АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ


Ахмет Байтұрсынов-ұлт ұстазы
N45 мектеп-гимназиясында қазақтың ұстазы,қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай 5 «Ғ» сыныбында қазақ әдебиеті сабағынан “Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы” тақырыбында ашық тәрбие сабағы өткізілді.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының тағдыры мен руханияты үшін аянбай еңбек еткен дара тұлға. Ол тек ақын ғана емес, сонымен қатар ағартушы, ғалым, ұлт қайраткері, қоғамды біліммен алға жетелеген ұстаз. Оның еңбектері мен идеялары тек ХХ ғасырдың ғана емес, бүгінгі күннің де маңызды мәселелерімен үндес.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі баға жетпес. Ол қазақ тілінің грамматикасын зерттеп, жүйелеп, тұңғыш рет ғылыми негізде оқу құралдарын жасап шықты. 1912 жылы қазақ халқы үшін араб графикасына негізделген төте жазу әліпбиін енгізіп, бұл жазу көптеген жылдар бойы қазақ мәдениеті мен білімінің негізгі тірегі болды. "Қазақ тілі" оқулығы арқылы ол қазақ тілін ғылым тілі ретінде қалыптастыруға ерекше еңбек сіңірді.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани тірегі, білім мен мәдениет жолындағы шамшырағы. Оның еңбектері – ұлттық сананың, рухани азаттықтың мәңгілік белгісі. Біз Ахметтей ұлы тұлғаларымызды әрдайым ардақтап, оның мұраларын құрметтеу арқылы болашаққа нық қадам жасай аламыз.