04
февраль
2025
"4 АҚПАН - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ КҮНІ" "ЗАҢ және ТӘРТІП" айлығы


”Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам”жобасы аясында Шымкент қаласы тәрбие және қосымша білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері Нуржан Кенесович Айтимбетов және «ITSTEP Academy Shymkent» академиясының басшысы Исмаилов Сейдулла Кенесбаевич
гимназия оқушыларымен қаржылық қауіпсіздік жөніндегі профилактикалық және білімді нығайту үшін арналған іс-шараны өткізді.
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы — бұл интернетте және ақпараттық технологиялар саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қолданушыларды киберқылмыстардан қорғау, және цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында жүзеге асырылатын бастама. Жоба аясында балалар, жастар, кәсіпкерлер мен жалпы халықты интернеттегі қауіптерден сақтандыру, жеке мәліметтерді қорғау және цифрлық алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар мен интернеттегі қауіпсіздік туралы білімді нығайтуға арналған.
Бұл жобаның басты мақсаты — азаматтарға интернеттегі қауіпсіздік негіздерін түсіндіру, олардың жеке деректерін қорғау жолдарын үйрету және киберқылмыстар мен алаяқтықтың алдын алу.