14
ноябрь
2024
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖУМЫС "НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС. ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ"



КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
мақсатында бүгін, 14 қараша күні 2024 ж, 8 сынып оқыйтын оқушыларымен І аусымның ДТІЖО Г.А.Конгирбаева және мектеп инспекторы
ЮПБ лейтенанты А.С. Ибраим қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті.
Бұл іс-шара, 2024-2025 оқу жылында кәмілет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.
Бұл мәселедегі мектептің алдында тұрған міндет – кәмілет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты азайтуға ықпал ету.
Осы кездесуде N45 мектеп-гимназиясының І аусымның ДТІЖО Г. А. Конгирбаева кәмелетке толмаған оқушыларға мектепте және мектептен тыс аумақта жүріп-тұрудың ережелерін, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында ата-анасыз және заңды өкілдерсіз жүрудің жауапкершілігін, сабақ уақытында бос жүрудің салдары және зиянды әдеттердің кесірі түсіндірді. Ал мектеп инспекторы А. С. Ибраим қорқытып алушылық пен есірткі үшін ҚР Қылмыстық кодексі Заңымен жауапқа тартушылықты түсінік берді.
Кездесу барысында "ашық микрофон " болды. Мектеп оқушылары сұрақ қойып, толық жауабын алды.