"ЖАС САРБАЗ" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖАС ДАБЫЛШЫЛАР
Бүгін, 2025 жылғы 1 қыркүйек күні, №45 мектеп-гимназиясының "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының жас дабылшылары Шымкент қаласындағы №151 келешек мектебінің ашылу салтанатына белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен патриоттық рухын көрсетті. Бұл шара – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Жас сарбаздар жаңа білім ордасының алғашқы қонақтарының бірі ретінде ерекше әсер қалдырды.