17
сентябрь
2025
МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ



Шымкент қаласы №45 мектеп-гимназиясында оқушыларды сапалы әрі құнарлы ыстық тамақпен қамту жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ас мәзірі талапқа сай құрастырылып, күнделікті тамақ беру үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Ай сайын Бракераж комиссиясы тарапынан асхана қызметінің сапасына тексеру жүргізіліп отырады. 2025 жылдың 16 қыркүйегінде комиссия төрағасы, мүшелері және ата-аналар қатысуымен жоспарлы тексеру өтті.
Тексерудің мақсаты – оқушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасын, құнарлылығын және санитарлық талаптарға сәйкестігін бақылау.
Асхананың материалдық-техникалық базасы жақсы деңгейде: қойма бөлмесі мен мұздатқыш құрылғылар толық жұмыс істеп тұр. Тағамдар асхананың өзінде дайындалады. Оқушылардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануы — мектеп әкімшілігінің басты назарында.