15
сентябрь
2025
МЕКТЕП АСХАНАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №45 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылында 1–11 сынып оқушыларына арналған тегін ыстық тамақ ұйымдастырылып, арнайы тізімдер жасалып, тиісті бұйрықтар бекітілді. Қазіргі уақытта оқушыларға ыстық тамақ беру жүйелі түрде жүргізілуде.
Мектеп әкімшілігі күн сайын тағамның сапасын, оның бекітілген ас мәзіріне сәйкестігін, асхананың тазалығын, тағам мөлшері мен дайындалу технологиясын үнемі бақылауда ұстап отыр.
Күнделікті әзірленетін тағамдар бекітілген мәзірге сай келеді. Оқушылардың дұрыс тамақтануы, денсаулығы мен толыққанды өсуі – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі.