Биыл 2 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілді
Биыл 2 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың балаға тегін ыстық тамақ берілетін болады. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Бүгінгі жас ұрпак - еліміздін ертенгі болашағы. №45 мектеп-гимназиясында 1-4 сынып бойынша 677 бала бір мезгілді ыстық тамақпен қамтылған. Тегін ыстық тамақ күнделікті мектеп медбикесінің тексеруінен өтеді. Қуырылмаған, буға кайнатылған балалардың ағзасына жеңіл тағамдар Шымкент қаласы, Білім Басқармасының бекітілген мәзірі бойынша дайындалады.