МЕКТЕП АСХАНАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №45 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылында 1–11 сынып оқушыларына арналған тегін ыстық тамақ ұйымдастырылып, арнайы тізімдер жасалып, тиісті бұйрықтар бекітілді. Қазіргі уақытта оқушыларға ыстық тамақ беру жүйелі түрде жүргізілуде. Мектеп әкімшілігі күн сайын тағамның сапасын, оның бекітілген ас мәзіріне сәйкестігін, асхананың тазалығын, тағам мөлшері мен дайындалу технологиясын үнемі бақылауда ұстап отыр. Күнделікті әзірленетін тағамдар бекітілген