17
март
2026
КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ


№45 мектеп-гимназиямызда "Көрісу күні – Амал мерекесі" аталып өтті. Мектеп-гимназия басшысы Рамиля Рафкатовна Искандерова бұл күннің адамдардың бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақжарма тілектер айтып, бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше мереке екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениеті кеңінен насихатталды.
Бұл тағылымы мол іс-шара оқушылардың ұлттық дәстүрлерге деген құрметін арттырып, бірлік пен татулықтың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.