Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін, 18 наурыз күні мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.
18
март
2026

Бүгін, 18 наурыз күні мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.



 Аталған іс-шара 19 наурыз – Жаңару күніне орай ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді.

Мерекелік концерт барысында ұлттық әндер шырқалып, әсем билер орындалып, сахналық көріністер арқылы қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ата-баба дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу және Наурыз мерекесінің мән-маңызын кеңінен түсіндіру.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артып, рухани дүниесі байи түседі. НАУРЫЗ -ЖАҢАРУ МЕН ІЗГІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив