Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2026

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП




























🚫 СТАЛКИНГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

🚫 "STOPSTALKING" – "Жеке шекараға құрмет"

Жоспарға сәйкес, 18 ақпан күні 10-сынып оқушыларымен мектепішілік «Заң» үйірмесінің жетекшісі М.Р. Курмантаева "STOPSTALKING" – "Жеке шекараға құрмет" тақырыбында танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға сталкинг ұғымы, оның түрлері мен салдары, сондай-ақ жеке шекараны сақтау мәдениеті туралы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, өмірлік жағдаяттар бойынша талқылау жүргізді.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және әр адамның жеке кеңістігіне құрметпен қарау қажеттігін насихаттау.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың жауапкершілігін күшейтіп, құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив