03
сентябрь
2025
"МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"



2025 жылдың 1 қыркүйегінде №45 мектеп-гимназиясында "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында 1 және 11-сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – "Адал азамат" тәрбие бағдарламасы аясында жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, құзыреттілікке баулу. Бұл маңызды күнде қадірлі қонақтар, ата-аналар мен оқушылар бас қосып, білім ордасының жаңа оқу жылына қадам басқан сәтіне куә болды.
Жиын жылы атмосферада өтіп, мейірім мен ізгі тілекке толы әсерлі сәттермен есте қалды.