17
сентябрь
2025
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП



N45-мектеп-гимназиясында "ЗАҢ" атты мектепішілік үйірме табысты жұмыс атқаруда. Үйірменің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарға деген қызығушылығын оятып, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Үйірме жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі М. Р. Курмантаева.
Ол оқушыларды құқық әлеміне қызықтыра отырып, заманауи қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға баулиды.
"ЗАҢ" үйірмесі – бұл жай ғана үйірме емес,
оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына жасалған маңызды қадам!