Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ: БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ САПАСЫ, МЕНЕДЖМЕНТ, ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ҮШІН КАДРЛАР ДАЯРЛАУ
07
февраль
2025

КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ: БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ САПАСЫ, МЕНЕДЖМЕНТ, ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ҮШІН КАДРЛАР ДАЯРЛАУ




Астанада педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының, өңірлік білім басқармалары басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сарапшылардың және саланың басқа да қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өткен жылды қорытындылап, білім беру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарын айқындап берді. Ол орта білім беру мазмұнының қайта қаралғанын, ал жаңа МЖМБС жобасына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына енгізілген құндылықтар енгізілгенін атап өтті.
«Білім беру тәрбиемен тығыз байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойына құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған алты негізгі жобаны қамтитын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Бұл жұмыстың тиімділігі көп жағдайда сынып жетекшілеріне байланысты. Сондықтан оны мол тәжірибесі бар білікті ұстаздардың орындауы маңызды. Тәрбие бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып, педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарау керек», - деді Ғани Бейсембаев.
Ведомство басшысы елімізде білім беру сапасын бағалаудың өзіндік ұлттық жүйесі қалыптасқанын атап өтті. ББЖМ қазақстандық бағалау құралы RCEC сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығында халықаралық деңгейде танылды, осылайша Қазақстан Орталық Азиядағы білім беру сапасын бағалау жүйесі бойынша аккредиттеуден өткен жалғыз елге айналды.
«Министрлік педагогтің үздіксіз кәсіби даму процесі ретінде біліктілікті арттыру парадигмасын қайта қарады. Барлық рәсім «Ұстаз» ұлттық платформасында автоматтандырылған. Биыл алғаш рет платформада 88 мыңнан астам модератор мен сарапшыны аттестаттаудан өткізу жоспарлануда», - деді министр.
2024 жылы бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болды. Бұл - еліміздің педагогтерінің еңбегіне Президент тарапынан берілген жоғары баға мен құрмет, артылған зор сенім.
Сонымен қатар министр «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын бұзу фактілеріне алаңдаушылық білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив