03
апрель
2025
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ


мақсатында бүгін ІV тоқсан басталуымен 02.04.2025 ж. оқушыларымен І ауысым ДТІЖО Г. А. Конгирбаева, мектеп инспекторы А.С.Ибрайм және Шымкент ҚПД Әл-фараби АСА КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты А. Т. Құлмағамбет профилактикалық кездесулерді өткізді. Онда мектептегі тәртіп ережелерін еске түсіру, зиянды заттарды пайдануға тыйым салынғаны туралы, сабақ кезінде ұялы телефонмен пайдалуына тыйым салынғаны туралы, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, буллинг, кибербуллинг, қорқыту, мектептен тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықбұзушылық әрекеттердің жауапкершілігі мәселелері қаралды. Оқушылар сұрақтарына жауап алды.