Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года
ҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
26
сентябрь
2025
ҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
2025 жылғы 26 қыркүйек күні Zoom платформасында Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Турсынованың төрағалығымен қалалық ата-аналар жиналысы өтті.     Жиын барысында:   – Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту;   – Білім сапасын арттыру жолдары;   – Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;   – Құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.       Жиын – өзара түсіністік пен серіктестікке негізделген мазмұнды пікір алмасуға толы болды.      Бала тәрбиесі
МЕКТЕП АСХАНАСЫ
23
сентябрь
2025
МЕКТЕП АСХАНАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №45 мектеп-гимназиясында міндетті білім беру қоры есебінен бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларға арналған 23.09.2025 жылғы ас мәзірі ұсынылады. Ас мәзірі оқушылардың жас ерекшелігіне, күнделікті қажетті калория мөлшеріне және санитарлық талаптарға сай құрастырылған.
ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
23
сентябрь
2025
ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
ОҚУ МЕН ТӘРБИЕ-САПАЛЫ БІЛІМНІҢ КЕПІЛІ Бүгін, 22.09.2025 ж., №45 мектеп-гимназиясында директор жанындағы кеңес отырысы өтті.  Кеңесте оқу-тәрбие үдерісіне қатысты өзекті мәселелер қаралып, алдағы жұмыс бағыттары белгіленді.  Шешімдер мектеп ұжымы үшін нақты мақсаттар мен нәтижеге бағытталған іс-шаралар жоспарын айқындады.
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
17
сентябрь
2025
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
N45-мектеп-гимназиясында "ЗАҢ" атты мектепішілік үйірме табысты жұмыс атқаруда. Үйірменің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарға деген қызығушылығын оятып, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Үйірме жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі М. Р. Курмантаева. Ол оқушыларды құқық әлеміне қызықтыра отырып, заманауи қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға баулиды. "ЗАҢ" үйірмесі – бұл жай ғана үйірме емес, оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына жасалған маңызды қадам!
МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
17
сентябрь
2025
МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Шымкент қаласы №45 мектеп-гимназиясында оқушыларды сапалы әрі құнарлы ыстық тамақпен қамту жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ас мәзірі талапқа сай құрастырылып, күнделікті тамақ беру үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ай сайын Бракераж комиссиясы тарапынан асхана қызметінің сапасына тексеру жүргізіліп отырады. 2025 жылдың 16 қыркүйегінде комиссия төрағасы, мүшелері және ата-аналар қатысуымен жоспарлы тексеру өтті. Тексерудің мақсаты – оқушыларға ұсынылатын ыстық
SHYMKENT MARAFHON – 2025
17
сентябрь
2025
SHYMKENT MARAFHON – 2025
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №45 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен белсенді оқушылары қала көлемінде өткен ауқымды марафонға қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, медальдармен марапатталды. Жеңіске деген жігері мен ұйымшылдығы – үлгі боларлық! Жарайсыздар, құрметті әріптестер мен жас спортшылар! Жетістіктеріңіз жалғаса берсін! 🏅💪
"САЛАМАТТЫ МЕКТЕП"
17
сентябрь
2025
"САЛАМАТТЫ МЕКТЕП"
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасындағы мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайтуға арналған 2024–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бұйрығы – «Саламатты мектеп» жобасы аясында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған шаралар туралы»
"ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕНІҢ ҚОЛЫМДА"
17
сентябрь
2025
"ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕНІҢ ҚОЛЫМДА"
"ҚЫЗДАР ГИГИЕНАСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ 2025 жылдың 16 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №45 мектеп-гимназиясында 8-сынып қыз балаларына арналған маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. "Қыздар гигиенасы" тақырыбында өткен бұл іс-шара – жасөспірімдердің өзін-өзі күту мәдениетін қалыптастыру мен денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Кездесуге арнайы шақырылған мамандар: * Жақыпбекова Жұлдыз Боранбайқызы – «Жастар денсаулық орталығының» психологы * Зулпиханова