АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! Құрметті АТА-АНАЛАР! Ақша жинаудың кез-келген әрекетіне қатаң тыйым салынғандығын тағы да бір айтып өткім келеді! Түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, санитарлық заттарын, шаруашылық заттарын, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитетінен және бітіруші 4,9,11 сыныптардан ақша жинаудың кез-келген түріне қатаң түрде тыйым салынған! Балаларымыздың тәрбиелі, білімді болуына тілектеспін! Мектебіміздің мерейі әрқашан үстем болсын! Сіздердің кез-келген сұрақтарыңыз бойынша жауап беруге әр кезде дайынмын. Құрметпен, №45 мектеп-гимназиясының директоры Искандерова Рамиля Рафкатовна!