Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарландыру
25
ноябрь
2022

Қамқоршылық кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2017 жылғы  27 шілдедегі №355 «Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесі жұмысын ұйымдастырудың және оның құрамын сайлау тәртібінің типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығының негізінде Шымкент қалалық білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№45 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (ары қарай №45 мектеп-гимназия) сайтында 2022 жылдың 25 қарашасынан бастап №45 мектеп-гимназиясы қамқоршылық кеңесінің құрамындағы  өзгерістер  туралы хабарландыру жариялайды. 
Осыған байланысты №45 мектеп-гимназияның әкімшілігі жергілікті өкілетті, атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдерін, мектеп-гимназия директорымен өзара жақын туыстық қарым-қатынасы жоқ коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін,   оқушылардың ата-аналары мен заңды өкілдерін №45 мектеп-гимназияның Қамқоршылық кеңесіне мүше болуға шақырады. 
ҚР Білім және ғылым министрінің 27 шілде 2017 жылғы №355 «Білім беру мекемелерінде Қамқоршылық кеңесі жұмысын ұйымдастырудың және оның құрамын сайлау тәртібінің типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығы қоса беріліп отыр. 
Ұсынымдарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 25 қарашадан бастап 04 желтоқсанға дейін. 

Байланыс телефоны: 8(7252) 56-32-89
 
Электронды пошта: gimn45@list.ru
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив