05
май
2023
МЕЙІРІМ-ЖҮРЕКТЕН!




Бүгін, 4.05.23ж, Шымкент қаласы Әл-Фараби ЖПБ ювеналды полиция қызметкерлерімен С.Байсеитов және Х.Юсуповпен мектеп инспекторы А.К. Балтабаева және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А.А.Байдусеновамен бірлесіп жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7 сынып оқушыларымен ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ өткізілді.
Сағат 23: 00-ден кейін ойын-сауық орындарында ата-аналарының (заңды өкілдерінің) еріп жүруінсіз жасөспірімдердің болуы, қоғамдық орындарда әдепсіз сөздерді қолдану, «REDAN» субмәдениеті туралы, дәлелсіз себептермен сабақтарды өткізу туралы, қаланың ойын-сауық орындарында және көшелерінде жарапазанды айту, кибербуллинг және буллинг ,т.б. тақырыптар қозғалды. Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті.