16
апрель
2025
Мектеп парламентінің жұмысы



№45 мектеп-гимназиясында 16.04.2025ж. мектеп парламентінің кезекті отырысы өтті. Мектеп парламентінің президенті Хаджиметов Шахриер, фракция көшбасшылары мектеп оқушыларына ІІІ тоқсан бойынша жұмыс қорытындыларын баяндады. Сондай-ақ, фракциялардың әрқайсысы ІV тоқсанға арналған іс-шаралар жоспарын ұсынды. Мектеп парламентінің отырысының қорытындысы бойынша балалар практикалық материалмен, мектеп парламенті қызметінің жаңартылған құрылымымен, өзара әрекеттесу механизмдерімен танысып, мектебімізде мектептің өзін-өзі басқаруын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар әзірледі.