Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ІЛГЕРІЛЕТУ
06
февраль
2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ІЛГЕРІЛЕТУ






Бүгін, 2026 жылдың 5 ақпан күні, 10-сынып оқушыларына арналған "Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты" тақырыбында мемлекеттік қызмет құндылықтарын мектеп оқушылары арасында ілгерілету айлығының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараны №45 мектеп-гимназиясының директоры Рамиля Рафкатовна Искандерова ашып, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке және қоғам игілігі үшін қызмет етуге шақырды.
 Іс-шара барысында белсенділік танытқан мектеп мұғалімдері оқушылармен мазмұнды әңгіме жүргізіп, мемлекеттік қызметтің маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, болашақта ел дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін көрсетті.
 Аталған айлық аясында алдағы уақытта түрлі танымдық кездесулер, пікірталастар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив