Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЕРЛІК САБАҒЫ- ЕЛ РУХЫН КӨТЕРЕР ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ"
13
январь
2026

"ЕРЛІК САБАҒЫ- ЕЛ РУХЫН КӨТЕРЕР ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ"











Бүгін, 12 қаңтар күні №45 мектеп-гимназиясында жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді сіңіріп, ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру мақсатында "Ерлік сабағы" өткізілді.
Іс-шараның құрметті қонағы — Сәғадат Нұрмағамбетов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері Әскери институтының әдіскері, полковник Оршабеков Ануарбек Мейрамбекұлы.
Полковник оқушылармен ашық әрі мазмұнды әңгіме жүргізіп, әскери өмірдің жауапкершілігі мен қадір-қасиеті туралы әсерлі ойларымен бөлісті. Сабақ барысында батырлық, тәртіп, елге адал қызмет ету сынды ұғымдарға тереңірек тоқталып, өз өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілікті нығайта түседі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив