21
январь
2026
"ИНКЛЮЗИВТІ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КӘСІБИ СЕРІКТЕСТІК" ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРЫ





Бүгін мектеп-гимназиямызда "Инклюзивті орта қалыптастырудағы кәсіби серіктестік" атты қала көлеміндегі тәжірибелік семинар өткізілді. Бұл іс-шара білім беру саласындағы инклюзияның маңыздылығын арттыру, педагогикалық тәжірибені байыту және әріптестік қарым-қатынастарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Оқытушылар мен мамандар инклюзияның мәні мен маңыздылығын, сондай-ақ, оны жүзеге асырудағы қиындықтарды ашып көрсетті. Әрбір ұстаз өз тәжірибесін ортаға салып, инклюзивті ортада жұмыс істейтін балалармен қалай тиімді байланыс орнату керектігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Семинардың басты мақсаты – ұстаздардың өзара тәжірибе алмасу арқылы бір-біріне қолдау көрсетуі, кәсіби байланыстарды нығайтуы және инклюзивті білім берудің тиімді әдістерін енгізу. Оқытушылар мен мамандардың арасында пікір алмасу, жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдерді талқылау кезеңі өтті.
Қалалық семинардың ашылуында алғашқы сөз Білім басқармасы әдістемелік орталығы директорының м.у.а. А. Турсыноваға берілді. А. Турсынова өз сөзінде семинардың маңыздылығына тоқталып, инклюзивті білім беру жүйесін дамытудағы кәсіби серіктестіктің рөліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, педагогтардың тәжірибе алмасуы, өзара ынтымақтастығы және бірлескен жұмысы әрбір баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасауда шешуші мәнге ие екенін атап өтті.
Бұл іс-шара инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, жаңа идеялар мен тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ, әрбір баланың білім алуына тең мүмкіндік жасауға бағытталған маңызды қадам болды.
Болашақта инклюзивті білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін ұстаздардың бірлескен жұмысы, үздік тәжірибелермен бөлісуі, және кәсіби дамуға деген ұмтылысы өте маңызды. Семинар қатысушыларының ынтымақтастық рухы мен ортақ мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы, инклюзивті білім берудің дамуына зор үлес қосары сөзсіз.