📚 «Оқуға құштар ұрпақ – білімді болашақ!»
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебіміздің 3 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Роза Сапаралиевна барша мектеп оқушыларын кітап оқуға, кітаппен достасуға және оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға шақырады. Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Кітап оқу арқылы баланың ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молайып, таным көкжиегі артады. 📖 Кітап оқиық, білімге құштар болайық! Өйткені кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағы! #ОқуғаҚұштарҰрпақ #КітапОқитынҰлт