23
октябрь
2026
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін, 23 қазан күні мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.
✨ Мерекелік іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
🎶 Концерт барысында оқушыларымыз патриоттық әндер орындап, ұлттық билер билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір өнер көрсетілімінен Отанға деген құрмет, туған елге деген мақтаныш пен жарқын болашаққа деген сенім сезілді.
💙 Қазақстан – түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ортақ үйіміз. Бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен достық – еліміздің басты байлығы!
Мерекелік іс-шараға атсалысқан ұстаздарымызға және өнер көрсеткен оқушыларымызға алғыс білдіреміз!
🇰🇿 Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыз өркендей берсін!
Республика күні құтты болсын! Жасай бер, Қазақстан! 💙✨